«Туған ауылым – таза мекенім»

«Туған ауылым – таза мекенім»

«Таза Қазақстан» бастамасы – еліміздің экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды әрі игі жоба. Тазалық – тек сенбілік өткізіп, қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол әр азаматтың туған жеріне деген сүйіспеншілігін, жауапкершілігін және мәдениеттілігін көрсететін өмір салты.
Көркем аула – тұрғындардың жайлы өмір сүруінің негізі. Аула таза, гүлденген және күтімді болса, ол балалардың қауіпсіз ойнауына, үлкендердің тынығуына қолайлы орта қалыптастырады. Әрбір отырғызылған ағаш пен гүл, әрбір жиналған қоқыс туған өлкеміздің көркеюіне қосылған үлес болып саналады. Таза ауа – адам денсаулығының басты кепілі. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы біз болашақ ұрпаққа экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі жайлы мекен қалдырамыз. Табиғатты аялау, ағаш отырғызу, қоршаған ортаны ластамау – әрбір азаматтың ортақ міндеті.
Қоғамдық тәртіп пен тазалық өзара тығыз байланысты. Тазалық бар жерде мәдениет, жауапкершілік және тәртіп қалыптасады. Өз ауласын, көшесін, ауылын немесе қаласын таза ұстайтын азамат қоғамның дамуына да үлес қосады. Сондықтан тазалық мәселесі тек коммуналдық қызметтердің емес, барша тұрғындардың ортақ ісі болуы тиіс. «Таза Қазақстан» – бұл бір реттік науқан емес, ол елдің келешегіне бағытталған маңызды қадам. Әрбір адам өз үйінің ауласынан бастап тазалыққа мән берсе, еліміздің әр өңірі көркейіп, табиғаты таза, ауасы мөлдір, тұрғындары мәдениетті мемлекетке айналары сөзсіз. Таза аула – таза көңілдің, таза ауа – денсаулықтың, ал қоғамдық тәртіп – берекелі өмірдің белгісі. Сондықтан туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әр