Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 2025-2026 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есебі

Ақшоқы ауылдық округі әкімінің 2025-2026 жылдары атқарылған  жұмыстары туралы есебі

Ақшоқы ауылдық округінің әкімі

Ж.Жолдыбековтың

2025-2026 жылдары атқарылған

жұмыстары туралы есебі

 

 

Құрметті ауыл тұрғындары!

Құрметті Мұхит Сайлауұлы!

 

          Есепті бастамас бұрын, 2025 жылдың ІІ-ші жарты жыртылдығында кездесуде көтерілген сұрақтардың орындалысына тоқтала өтейін:

           Сұрақ: Ақшоқы ауылының тұрғыны Н.Абишева  Қазіргі ауыл мектебінің ғимараты ескірген, тар, оқушылар санына сай келмейді. Жыл сайын оқушылар саны артып, сынып бөлмелері жеткіліксіз болып отыр. Мектептің материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай емес, спорт зал, асхана, зертханалық кабинеттер жетіспейді.
     Ауыл тұрғындары балалардың сапалы білім алуы үшін жаңа мектеп салу аса қажет. Сондықтан ауыл халқы атынан Ақшоқы ауылына жаңа мектеп ғимаратын салуға қаржы бөлінсе?                     

         Орындалысы: Бүгінгі күні Ақшоқы ауылында заманауи талаптарға сай жаңа мектеп құрылысын салу бойынша  жеке кәсіпкердің анықталып отыр. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жер телімін бөлу қажеттілігі жүргізілуде.

 

          Сұрақ: Досымбекулы Ауезхан, Ақшоқы ауылының тұрғыны: 

Біздің ауылда биылғы жылы ішкі көше жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілді. Келесі жылы осы жолдарды асфальттауға қаржы бөлінсе?

            Орындалысы: Биылғы жылға Ақшоқы ауылының ішкі көше жолдарын асфальттау жұмыстарына  өткізуге аудандық бюджеттен 124млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы жарияланып, мердіге р ТОО «Бірлік» анықталды. Асфальт салу жұмыстары маусым –шілде айларында жүргізілетін болады.

         Сұрақ: Абишев Жаналық, Ақшоқы ауылының тұрғыны:

         Ақшоқы-Талды аралығындағы көтерме жолға қаржы бөлініп, асфальт төсеу жұмыстары жүргізілсе? Ауыл тұрғындарының күнделікті қатынасына, шаруашылық өнімдерін тасымалдауға, Қазіргі уақытта жолдың жағдайы ой-шұңқырлар көп.

         Орындалысы: Қызылтау ауылына кіре беріс 0-54 шақырым аудандық маңыздағы жолға Шет аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы  жолаушылары көлігі және автокөлік жолдары бөлімі тарапынан ағымдағы жылға аталған жолға жобалау сметалық құжаттары әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Аталған жолға ағымдағы жылы тегістеу күтіп ұстау жұмыстары жүргізіледі. Қосымша жасалған жобалау сметалық құжаттарға сәйкес қаражат бөлінген жағдайда тиісті жұмыстары 2027 жылға жұмыс жоспарына кіргізу жоспарлануда.

  • жылдары атқарылған жұмыстар:

         Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық жұмыстары:

        Округ бойынша екі елді мекен бар, жалпы 90 аула тіркелген.

         Тазалық айларында әр бейсенбі күні «Таза бейсенбі» шарасы ұйымдастырылып  жүргізілуде. Мекеме маңайына талдар отырғызылды. Ауыл ішіндегі тоқ бағаналары, талдардың түптері әктелді. Сонымен қатар балалар ойын алаңдары, футболный кортқа сырлап бояу жұмыстары жүргізілді.  Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық ауыл тұрғындары өз аула қоршауларын сырлап-бояп, әктеу жұмыстарын жүргізуде.

   2026 жылы ауыл аумағындағы 2000 шаршы метр иесіз күл-қоқыс мердігер ИП Бақаев  1млн 30 мың теңгеге келісім шартқа отырып тазартылды. Жеке меншік аулалардың қыстан шыққан күл қоқыстарын ақшалай рейсі 10000 теңгеден  ауданнан келген шансиман көліктерімен тұрғындар өз қаражатына шығартты. Шығарылған күл-қоқыс көлемі-4000 тонна.  Қыс айларында елді мекендердің ішкі жолдарын қардан тазарту, ИП «Сахиева» мен келісім шартқа отырып  ішкі жолдардың қарын тазалау жұмыстары уақытылы жүргізіліп отырды.

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу:

          Былтырғы жылы округ аумағында 4 рет дала өрті орын алып, ұйымдасқан еріктілер тобы, шаруа қожалықтарының мүшелері және әкімшілік қызметкерлері  аудандық төтенше жағдай бөлімі Орман шаруашылығы бөлімі бірлесіп өртті дер кезінде өшіріліп отырды.

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында су ағарлар, су өткізгіш құбырлар қардан тазаланып жүргізілді.

  1. Жылу беру маусымы:

          Қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілді.

         Бюджеттік мекемелер толықтай көмірмен қамтамасыз етілді. Барлық мекемелердің от қазандықтары қалыпты жағдайда болды.

  1. Ауыл шаруашылығы:

         Округ аумағында жалпы 93,332 гектар жер бөлінген, оның ішінде 4001 гектары егістік жерлер.

2025 жылы көктемгі егін егу науқаны барысында «Тиштыбай» шаруа қожалығы 500 гектар жерге бидай егіп, жақсы өнім алды. Биылғы жылыда «Тиштыбай» шаруа қожалығы егістік алқабын ұлғайтып 1000 га жерге бидай егу жұмыстарын жүргізді. Сонымен «Ауғанбай», «Даметкен», «Ақшоқы», «Ырзық» шаруа қожалықта біржылдық шөп (суданка)  пен арпа   егу жұмыстарын жүргізді.

                    5.Инвестициялық жобалар:

Ақшоқы ауылдық  округі бойынша 2026 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз, айларында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2,5 пайызбен несие алу үшін – 3 СПК құрылды. Осы жылдың сәуір айында СПК "Rzyk-2026" Рзықбай Саят  Ауыл аманаты бойынша Трактор ЮТО НЛХ 1054 бағасы 15 млн, 250000 мың теңге Трактор Беларусь 8922 бағасы 13 млн, 750000 мың теңге,  Пресс - подборщик ПР-Ф-145 бағасы 5 млн, 750000 мың теңге ауыл шаруашылық техникаларын алды. Сондай-ақ мамыр айында 2) СПК"Қайнар 2026"- Шулембаев Ерганат 23 млн 400 мыңға (YTO тракторы, шөп шабатын құрылғы, ворощилка, кун ковшымен) алды.  Қалған 1 СПК Атап айтатын болсақ 1)"Ermahan-2026",- 20 млн теңгеге, Осы несие бойынша ауыл шаруашылық техникасы (погрузчик,) алу үшін бизнес жоспарларын жасап, толықтай құжаттарын тапсырып қойды.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлік:

          2025 жылы ауыл тұрғыны Каменов Айдар аудандық жер конкурсына қатысып, 700 гектар жер учаскесін жалға алып, Шах» шаруа қожалығын ашып, МТЗ-952,2 – 1 трактор құны -14 млн техника алды.

  1. Білім беру саласы:

          2025–2026 оқу жылында 1–9 сынып аралығында 79 оқушы білім алуда, ал шағын орталықтағы даярлық тобын қоса есептегенде барлығы 98 бала қамтылған.

«Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу құралдары көмек ретінде көрсетілді.

          Барлық оқушыларға 1 мезгіл ыстық тамақ берілуде.

         Ақбауыр ауылынан балаларды мектепке жеткізу үшін автобус көлігі тұрақты ұйымдастырылған.

  1. Денсаулық сақтау саласы:

          Ақшоқы ауылында медпункт құрылысы 2025 жылдың қазан айында республика күні мерекесі қарсаңында ашылды. Бүгінгі күні толықтай жұмыс істеп тұр. Ауыл тұрғындарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, екпе егу, профилактикалық тексерулер тұрақты жүргізілуде.

«Денсаулық поезды» алдын алу және скрининг бойынша жаз айында тексерістер жүргізіп отырады.

  1. Мәдениет саласы:

        2025жылы Ақшоқы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары үшін «Мемлекеттік сатып алу» порталында конкурс жарияланып, ТОО «Construction Training Resources» /«Констракшн Трэйнинг Ресурсес»/ ЖШС-мен 70 млн  772 мың теңгеге келісімшарт жасалып күрделі жұмыстары жасалынды.

  1. Коммуналдық сала:

            Ауыл тұрғындарының кейінгі кездері Wi-Fi қондырғысы жиі істен шығып, уақытылы жөндеу жүргізілмей отырған. Осы проблеманы шешу үшін мемлекеттік-жеке әріптестік (МЖӘ) арқылы «Казнетворг Солюшин» мекемесі құрылғыға 800 мың теңге қаражат құйып, үзіліссіз ток көзін орнатып, қондырғыны жаңартты. Проблема бірсыпыра азайды, тоқ өшкенде станцияда үнемі тоқ болып тұрады.

         2025 жылы Ақшоқы және Ақбауыр елді мекендерін сумен қамту құрылысы толық аяқталып, ауыл тұрғындарының 100 пайызы суға қосылды. Ауыл ішілік су құбырлары істен шығып жарылған жағдайда мердігер «НЦТ» ЖШС қалпына келтіріп отырды. Судың напоры жақсы, халықтан шағымдар болған жоқ.

       2025 жылы Ішкі жол мәселесі: көтерме жолдар  лайлы болып жүруге жарамсыз еді. Ағымдағы жөндеу жұмыстары «Элоим» ЖШС арқылы 37млн 500мың  теңге келісім-шартқа отырып жүзеге асырылды. Ауыл ішілік жолдардың жер актілері Ж.К «Жаса» мен келісім шартқа отырып, құны 357 мың теңгеге жол жер актісі құжаттары жасалынды.

         2026 жылы ауылдың ішкі көшелерін жарықтандыруға аудандық бюджеттен қаржы 15 млн теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.Жұмыстар конкурс қорытындысына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

  1. Салық түсімдері:

           2025 жылы Жеке меншік, тұрғын үйлер, көлік салығы және жер салығы бойынша кірістер басқармасынан келген хабарламалар (уведомления) арқылы таратылды. көлік салығы бүгінгі күні толық орындалып тұр.

         Былтырғы жылы«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шет аудандық полиция бөлімімен бірлесе отырып, тұрғындарға мал кезегін бағу ұйымдастырылып, тәртіп бұзғандарға айыппұлдар салынды: 8 адамға 408-бап бойынша, иесіз тасталған үйлерге 6 ескерту хаттама толтырылды. Қысқы маусымда жол жиегіне қар қырған 5 тұрғынға 505-баппен айыппұл салынды.

  1. Ветеринария саласы:

       2026 жылдың 1 жартыжылдықта төрт түлік малдарынан қан алу жұмыстары жүргізілді: ірі қара – 2132 бас, ұсақ мал – 1279 бас.

       Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында аусыл ауруына қарсы екпе жұмыстары Ұсақ мал-4500 бас, Ірі қара мал-3600 бас, ірі қара малдың сібір жарасына 1450 бас, ұсақ малдың сібір жарасына -1450 бас, қарасан ауруына қарсы  400 бас малға вакцина егілді.

         Алдағы уақытта да ауылымыздың дамуы үшін жүйелі жұмыстар жалғасатын болады.

 

       Назарларыңызға рахмет!