
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ақшоқы ауылдық округінде балалар ойын алаңдарын сырлау және жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл – ауыл келбетін көркейтіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған игі бастама. Ойын алаңдарының боялып, ретке келтірілуі ауыл тұрғындарының көңілінен шығып, балаларға ерекше қуаныш сыйлауда. Осындай жұмыстар арқылы ауылдың эстетикалық келбеті жақсарып, тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы арта түсуде.
Алаңдарды жаңарту – тек сырлау жұмысы ғана емес, бұл – тазалыққа, тәртіпке және ортақ жауапкершілікке үндейтін маңызды қадам. Әсіресе балалар ойнайтын орындардың таза, әдемі әрі қауіпсіз болуы – басты назардағы мәселе. Мұндай игі шаралар жас ұрпақты тазалықты сақтауға, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің көптеген өңірлерінде ойын алаңдарын абаттандыру, сырлау және жаңарту бағытында жүзеге асырылып келеді.