
Ауылымыздың ер азаматтары менЖолдыбеков Жанабек Жеңісұлы бастамасымен Ақшоқы ауылдық округінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай тағылымы мол, мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Ел бірлігі мен батырлар ерлігін ұлықтаған мерекелік шарада спорттық сайыстар мен ұлттық ойындар кеңінен насихатталды. Атап айтқанда, аударыспақ, қазақ күресі, абсолют салмақ дәрежесіндегі белдесулер және әртүрлі жас ерекшеліктері бойынша жүгіру жарыстары өткізіліп, қатысушылар өздерінің ептілігі мен күш-жігерін көрсетті. Мұндай жарыстар жастарды салауатты өмір салтына баулып қана қоймай, ұлттық рухты дәріптеуге үлкен үлес қосты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ұлы Жеңістің рухын ұлықтаған бұл мереке елге деген құрмет пен патриоттық сезімді арттыра түсті.