"Ана - өмір шуағы."

"Ана - өмір шуағы."

Шет ауданының Мәдениет үйінің көркемөнерпаздары мен әншілерінің Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастырған концерттік бағдарламасы ауыл тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Әсем ән мен жүрекке жеткен жылы лебіздер мерекелік кештің шырайын аша түсті. Сахна төрінде шырқалған әрбір ән мен орындалған әрбір өнер нөмірі аналар мен аруларға деген құрметтің айқын көрінісі болды. Бұл игі шара – өнердің адамдарды біріктіретін, көңілге қуаныш ұялататын құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді. Көрермендер көтеріңкі көңіл күймен тарқап, мерекелік кештен рухани серпіліс алды.
Ең бастысы, ауыл әкімі Жолдыбеков Жанабек Жеңісұлы ауыл тұрғындарын шын жүректен құттықтап, аналар мен қыз-келіншектерге деген ізгі тілегін білдірді. Ауыл әкімі ақжарма тілектері мен жылы сөздері кештің мәнін арттырып, көпшілікке ерекше қуаныш сыйлады.
Осындай тағылымды әрі мазмұнды шаралар ауыл мәдениетінің дамуына серпін беріп, ел бірлігін нығайта түседі. Әйел-аналарды ардақтау – ұлттың ұлылығын танытатын асыл қасиет. Мерекелік концерт көпшілік жүрегінде ұзақ сақталатын әсерлі кеш болды.