Жолдау — жастар болашағына бағытталған бағдар.

Жолдау — жастар болашағына бағытталған бағдар.

Жолдау — жастар болашағына бағытталған бағдар
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы — ел дамуының басты стратегиялық құжаты ғана емес, сонымен қатар жастардың жарқын болашағына жол ашатын нақты бағыт-бағдар. Өйткені кез келген мемлекеттің ертеңі – білімді, білікті, отансүйгіш жас ұрпақтың қолында.
Жолдауда жастарды сапалы біліммен қамту, заманауи мамандықтарды игеруге мүмкіндік беру, ғылым мен инновацияны дамыту мәселелері кеңінен қозғалады. Бұл – жаһандану дәуірінде бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырудың негізгі шарты. Бүгінгі жас тек диплом иесі ғана емес, креативті ойлайтын, технологияны меңгерген, бірнеше тіл білетін тұлға болуы тиіс. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау – гранттар, білім беру бағдарламалары, кәсіпкерлікті дамытуға арналған жеңілдіктер – соның айқын дәлелі. Жолдау жастарды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке, адалдыққа тәрбиелеуді де көздейді. Себебі білім мен мүмкіндік болған жерде оны тиімді пайдалану да маңызды. Жастар ел тағдырына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсене араласса, Қазақстанның болашағы нық әрі сенімді болмақ. Жолдау – жастарға сенім артудың, олардың әлеуетін ашудың және табысты болашағын қалыптастырудың нақты жоспары. Әр жас осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, өз білімін ел игілігіне жұмсаса, Қазақстанның келешегі кемел, болашағы баянды болары сөзсіз.