
Ақшоқы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» Экоакциясы аясында өткізілген қар тазалау жұмыстары ауылымыздың тазалығы мен көркін арттыруға ерекше үлес қосты. Мекеме алаңы мен ішкі жолдардың қардан тазалануы тек қана сыртқы көріністі жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына да айтарлықтай ықпал етті. Бұл іс-шара ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, жол апаттарының алдын алуға, сондай-ақ қоғамдық орындарды таза және қолайлы күйде ұстауға бағытталған нақты қадам болып табылады. Мұндай экологиялық акциялар азаматтық жауапкершілікті арттырады, тұрғындарды өз ортасын қорғауға және оны жақсартуға тартудың тиімді жолы екенін көрсетеді. Қар тазалау жұмыстарының жүйелі жүргізілуі ауылдың инфрақұрылымын нығайтып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады. «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асырылған бұл бастама – ауылымыздың дамуына, қоғамдық тәртіп пен тазалық мәдениетінің қалыптасуына зор үлес қосып отырған маңызды іс-шаралардың бірі деп бағаланады. Ауылымыздың әрбір тұрғыны бұл игі іс-шараға белсенді қатысып, өздерінің еңбегімен ортақ қоғам игілігіне үлес қосқаны қуантады.