"Энергетикалық және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-тұрақты дамудың негізі".

"Энергетикалық және коммуналдық шаруашылықты жаңғырту-тұрақты дамудың негізі".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өткендей, энергетика мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту – тек инфрақұрылымды модернизациялау ғана емес, сонымен қатар ел экономикасын тұрақты дамытуға бағытталған стратегиялық қадам. Бұл салаға инвестиция тарту жағдайын жақсарту – еліміздің даму перспективасын кеңейтетін маңызды фактор. Жаңғырту жұмыстарының басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын арттырумен қатар, кәсіпкерлікке, индустрия мен қызмет көрсету секторларына жаңа мүмкіндіктер ашу. Энергетика саласында жүргізілетін реформалар тұрақты және сенімді электрмен, жылумен қамтамасыз етуді күшейтіп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға жол ашады. Ал тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту – халықтың күнделікті өмірін жақсартудың, экология мен қала құрылысының сапасын арттырудың кепілі. Мұндай кешенді тәсіл елдің инвестициялық климатын жақсартып қана қоймай, азаматтардың сенімін арттырады, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен тиімділігін көрсетеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс – экономикалық өсу мен әлеуметтік тұрақтылықтың негізгі факторы. Ел басшысы атап өткендей, инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау – біздің болашағымызға жасалған маңызды қадам, және осы бастамалар еліміздің өркендеуі мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға зор серпін береді.