"Ұлтқа мейір сыйлаған,әз-Наурыз"

"Ұлтқа мейір сыйлаған,әз-Наурыз"

Ақшатау кенті әкімдігі мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 22 Наурыз ұлыстың ұлы күніне арналған "Ұлтқа мейір сыйлаған, әз-наурыз" атты мерекелік іс-шара өткізілді. Киіз үй тігіліп, келген қонақтарға палау таратумен басталған мерекелік іс шара "Әжелер ұлт-ұйтқысы" атты әжелер сайысна ұласты, әр көшенің мерекелік дастарханынан дәм татқан кент тұрғындары мен кент қонақтары спорттық іс-шараларды тамашалады. Кеш соңында әжелерді, спорттық сайыс жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері жүргізілді. Осы шараның өтуіне ат салысқан кенттегі кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз.