
Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз.
Ақшатау кентіндегі О.Махметов көшесіндегі тұрғындармен кент әкімі А.Шонанова тазалық мәселесі бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында:
Үй мен аула тазалығы: «Тазалық – табалдырықтан басталады», яғни тұрғын үйдің іші мен кіреберісін жинақы ұстау.
Қоршаған орта тазалығы: Көшені, табиғатты, қоғамдық орындарды ластамау және экологиялық тәртіпті сақтау бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
#ТазаҚазақстан