Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары

Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары

Шет ауданының ауылдық жерлерінде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қарқын алуда.
Сол себепті, ықтимал қауіпті су тоғандары қатаң бақылауда тұр. Солардың бірі Ақшатау кентіне қарасты Жарылғап батыр ауылынан 12 шақырымда орналасқан “Таңатбай” су қоймасы. Кент әкімі А.Қ.Шонанова су тасқынының алдын-алу бойынша, су қоймасына барып, бақылау жұмыстарын жүргізіп қайтты.