“Наурыз -жаңа күн, жаңа өмір” атты мерекелік іс-шара

“Наурыз -жаңа күн, жаңа өмір” атты мерекелік іс-шара

Ақшатау кенті әкімдігі мен мәдениет үйінің ұйымдастырумен Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне орай, “Наурыз -жаңа күн, жаңа өмір” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік шара тай жарысымен басталып, әр көшенің мерекелік дастархан, наурыз көже ұсыну, бата беру                    көше тұрғындарының ән, өнер көрсету, салт-дәстүр ғұрыптарын дәріптеу рәсімдері, спорттық сайыстарға жалғасып, жиналған тұрғындарға керемет көңіл күй сыйлады. Мереке соңында кент әкімдігі атынан сый-сыяпаттар таратылып, тұрғындар ризашылықтарын білдіріп кент әкімдігі мен мәдениет үйі ұжымына алғыстарын білдірді.