
Жаңа Салық кодексінде үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін, оңайлатылған декларация негізіндегі режим, шаруа және фермер қожалықтары үшін. Кәсіпкерлер нені білуі тиіс: 1. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет. 2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу 2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылғы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады. 3. Шаруа және фермер қожалықтары ШФҚ үшін арнаулы салық режиміне көшу Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.