
Ақшатау кент әкімдігінде кенттегі Ш.Уәлиханов ЖББМ-ның жоғарғы сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беруші жауапты мұғалімі А. Исабаева басқаруымен кент әкімдігіне экскурсия жасалды. Экскурсияның мақсаты - оқушылардың қоғамдағы түрлі еңбек салалары туралы білімін кеңейту, әрбір мамандықтың ерекшелігі мен жауапкершілігін түсіндіру, кәсіби бағдар қалыптастыру болды. Оқушылар мекеменің құрылымы, қызмет бағыттары, әкімшілік бөлімдерімен танысты. Кент әкімі А.Шонанова күнделікті жұмыс барысын көрсетіп, мамандық таңдаудағы жеке тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, кәсіби қызығушылықтарын білдірді. Экскурсия мазмұнды және тәрбиелік мәні жоғары деңгейде болды.