"Таза Қазақстан" экоакция

"Таза Қазақстан" экоакция

Тазалық ер адамнан, әр үйден, әр кешеден және әр ауылдан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» — бұл бір күндік науқан емес. Бұл — біздің өмір салтымыз. «Таза Қазақстан» экоакциясы осы күндері игі бастама болып, үлкен қозғалысқа айналды.

Бүгінгі күні Ақшатау кент әкімдігінің қарасты Жарылғап батыр ауылында 30-40 жылдан бері жиналып қалған қоқыстар, ауылға келген мердігерлер мен кент әкімдігімен жасалған меморандум арқылы шартқа отырып, ауылымыз біршама тазарып қалды.