
Халықаралық балаларды қорғау күні - бұл баршамызға балаларымызды қорғаудың, олардың қауіпсіздікте болуының, амандығының маңыздылығын еске салатын ерекше күн. Бұл күні олардың қажеттіліктеріне, құқықтары мен көңіл-күйіне ерекше назар аударылады. Осы мереке аясында Ақшатау кенті әкімдігі мен мәдениет үйі ұйымының ұйымдастыруымен кенттің жасөспірімдері мен балдырған балаларға мерекелік іс-шара өткізілді. Кент әкімдігінің құттықтауымен басталған шара "Анам және мен" спорттық сайысына ұласты, сайыс нәтижесі бойынша қатысқан отбасыларына алғыс хат пен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Кентіміздің, кәсіпкер азаматтарының демеушілігімен жиналған жасөспірімдерге сыйлықтар мен тәтті сусындар таратылды. Осы мерекелік іс-шараға қатысқан төмендегі азаматтар мен азаматтарға алғысымыз шексіз, олар: Тойымбеков Қайрат, Каукенбаева Асель, Қабжанов Ержігіт, Кенжин Алмас, Қанафина Гүлдарай, Аманжолова Нұргүл, Амангелдін Қайрат, Оразбеков Берік, Сикымбаев Мейіржан, Исхақ Ғазиз, Жақына Айнұр (Ақжал).