Таза Қазақстан "Таза сейсенбі " тақырыбында өткен сенбілік

Таза Қазақстан  "Таза сейсенбі "  тақырыбында өткен сенбілік

«ТАЗА СЕЙСЕНБІ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫП ОТЫРЫҢЫЗ.
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жарияланған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға баулу бағытындағы игі шаралар жалғасын табуда. Осы мақсатта Ақшатау кентіндегі мекемелер «Таза сейсенбі» республикалық, экологиялық акциясын қолдап, аталмыш бастаманы дәстүрлі түрде аптаның сейсенбі күндері өткізуде.

Аталған акцияның негізгі мақсаты - тазалықты біржолғы шара ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыру, халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру және жастарға үлгі көрсету.