Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Ақой ауылдық округінде 17-сәуірде бюджеттік мекемелер қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның қоғам дамуына кері әсері және заң талаптарын сақтау маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен атқару қажеттігі атап өтілді.