
2026 жылдың 16 сәуір күні Ақой ауылдық округінде интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, олардан қорғану жолдары және күмәнді сілтемелер мен қоңыраулардан сақтану туралы кеңестер берілді. Сонымен қатар, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, банк картасының деректерін жарияламау қажеттігі түсіндірілді.
🔐 Сақ болыңыздар!
Алаяқтардың арбауына түспеу – әр азаматтың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауына байланысты.
#Ақой #Қауіпсіздік #ИнтернетАлаяқтық #Сақтық #ТүсіндіруЖұмыстары