
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты "Артемида-2" миссиясының сәтті орындалуымен құттықтады
️ ️ Мемлекет басшысы АҚШ президентіне "Артемида-2" миссиясының сәтті аяқталуына орай құттықтау хат жолдап, адамзаттың соңғы жарты ғасырдағы Айға алғашқы сапары ғарышты игерудегі тарихи кезең болғанын атап өтті.
Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктерін жоғары бағалады. Ол бүкіл әлемдегі ғалымдардың, инженерлердің және зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіру арқылы білім көкжиегін кеңейтетінін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа "Артемида" бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.