Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Шет ауданы тұрғындарының назарына!

Көктемгі тазалық жұмыстарының басталуына байланысты қоқыс пен ауладағы құрғақ шөпті жағуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 336-бабына сәйкес, қалдықтарды, соның ішінде құрғақ шөп пен тұрмыстық қоқысты өртеу – атмосфералық ауаның ластануына, өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына әкеп соғады және әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Қоқыс пен құрғақ шөпті өртеу өрттің шығу қаупін арттырып, қоршаған ортаға және адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді.

Тазалық жұмыстары барысында жиналған қоқыс пен шөп қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға немесе қоқыс полигондарына шығару қажет.

Барша тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз!

Қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Шет ауданы ТЖБ