
Ақой ауылдық округінде 10–11 күндері «Таза Қазақстан – Таза ауыл» акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Бұл игі шараға ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсене қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Сенбілік барысында көшелер мен аулалар тазартылып, қоқыстар жиналды, қоғамдық орындар ретке келтірілді. Ауылдың ажарын ашып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бұл шара – бірліктің, ұйымшылдықтың жарқын көрінісі болды.
Тазалық – әр адамның ішкі мәдениетінің айнасы. Осындай игі бастамалар арқылы Ақой ауылы көркейіп, таза да жайлы мекенге айнала беретіні сөзсіз.
# Тазаа Қазақстан