
7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтілді
✅ денсаулық тек медициналық ұйымдарда ғана емес, ең алдымен әр адамның күнделікті әдеттерінде қалыптасатынын ескертеді.
Бүгін алғаш рет еліміз бойынша Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп
✅ мыңдаған оқушыны қамтитын «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақты өткіземіз.
Балалармен қарапайым, бірақ өте маңызды тақырыптарда әңгімелесеміз:
🥗 дұрыс тамақтану
⚽️ дене белсенділігі
🛏️ толыққанды ұйқы
❌ гаджеттерді шектеу
🚫 энергетикалық сусындардың зияны
Денсаулық мәдениеті дәл бала кезден қалыптасады — бұл біздің стратегиялық басымдығымыз.
🇰🇿 Бүгінде мемлекет денсаулықты сақтау үшін кешенді шараларды іске асыруда:
❇️ мектептегі тамақтанудың жаңа стандарттары енгізілді (қант 3,6 есе, тұз 5 есе азайтылды, трансмайлар шектелді)
❇️ жыл сайын шамамен 3 млн адамды қамтитын ұлттық скрининг бағдарламасы жүзеге асырылуда
❇️ онкологиялық аурулардың шамамен 80%-ы ерте кезеңде анықталуда
❇️ кардиологиялық және онкологиялық көмек дамып, заманауи емдеу технологиялары енгізілуде
Бұл жұмыстардың нәтижесі де айқын:
• күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге — 75,97 жасқа жетті,
• ана мен нәресте өлімі төмендеді.
Қазақстан денсаулық көрсеткіштері бойынша өңір көшбасшыларының бірі ретінде танылды.
Біз профилактикалық бағытты да күшейтіп келеміз:
— 21 жасқа дейінгі тұлғаларға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды;
— тұтынуды азайту үшін акциздік саясат енгізілуде;
— Қазақстан ДДҰ-ның семіздікпен күрес жөніндегі жаһандық жоспарына қосылды.
Алайда ең маңыздысы — әр адамның жеке таңдауы.
✅ Денсаулық — бұл күн сайын жасалатын таңдау.
✅ Қозғалысты, дұрыс тамақтануды, демалысты және өзіңізге қамқор болуды таңдаңыз.
Еліміздің салауатты болашағын қалыптастыруға үлес қосып жүрген медицина қызметкерлеріне, педагогтарға, ата-аналарға және барша азаматтарға алғыс білдіремін.
#WorldHealthDay #ҰлтДенсаулығы #ҚРДСМ #СалауаттыӨмір #ПрофилактикаСӨС