Қарағанды облысында өрт қауіпті кезең басталды, қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Қарағанды облысында өрт қауіпті кезең басталды, қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өрт қауіпті кезеңнің өту барысы туралы брифинг өтті. Брифинг барысында табиғи өрттердің алдын алу мақсатында өңірде өткізілетін іс-шаралар кешені таныстырылды. Атап айтқанда, облыс бойынша мобильді топтар құрылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қауіпті аймақтарда бақылау күшейтілді, орман алқаптарына мониторинг жүргізілуде. Сондай-ақ, елді мекендерді күзету бағытында өрт сөндіру бекеттерін ашу және жаңғырту жұмыстары жалғасуда.