
Францияның Тье қаласында Гран-при сериясындағы көркем гимнастикадан халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып.
Жарыс аясында қазақстандық Ақмарал Ерекешева тұғырдың үшінші сатысына көтерілді.
Спортшы жеке көпсайыста қола жүлдеге ие болып, 106,900 ұпай жинады.
Алина Горносько (Беларусь) жеңіске жетті-112,200. Екіншісі - Мария Борисова (Ресей) - 110,350.