
Ұлттық экономика министрлігі: БҚА және мемлекеттік органдармен бірлесіп, монополиялық нарықтарды қоспағанда, бағалар мен тарифтерді қалыптастыру еркіндігін шектейтін нормалардың күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындасын; инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында жекешелендіру объектілері бойынша Жол карталарын бекітсін; Энергетика министрлігімен бірлесіп, электроықтандыру туралы Жарлықты ескере отырып, электр энергиясын және коммуналдық қызметтерді айқас субсидиялаудың күшін жою мерзімдерін үндестірсін.
Денсаулық сақтау министрлігі: дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды Бірыңғай дистрибьюторды және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді сатып алу тізіміне енгізу процестерін цифрландыруды жеделдету.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі: мобильді құрылғыларды верификациялау бойынша заңнамалық өзгерістерді қабылдасын; БҚА-мен бірлесіп электрондық құжат айналымына қатысушыларды іріктеу рәсімдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырсын.
Ұлттық экономика министрлігі: Табиғи монополиялар субъектілерін өз бетінше анықтау үшін заңнамалық түзетулер қабылдасын.
"Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ: АЗРК-мен бірлесіп қорды сатып алу шеңберінде тәсілдерді жетілдіру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырсын.