
Теміртаулық спортшы Виктор Друзин көркемдік жүзуден Әлем кубогының екінші кезеңінде қола медальді жеңіп алды. Халықаралық біріншілік Парижде өтті, деп хабарлайды ekaraganda.kz тілшісі өңірдің спорт басқармасына сілтеме жасай отырып.
Қарағанды облысының жүзу мектебінің тәрбиеленушісі, ал қазір Қарағанды өңірінің жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі ерлер арасындағы жеке жарыстарда техникалық бағдарламада табысты өнер көрсетіп, 226.6050 балл жинады.