Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын бес есе жеделдетуге мемлекеттік қолдау шаралары мүмкіндік берді

Қазақстанда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқынын бес есе жеделдетуге мемлекеттік қолдау шаралары мүмкіндік берді

Бүгінгі күні республика бойынша су үнемдеу технологияларын қолданудың жалпы ауданы 543,5 мың гектарды құрайды.

Еске салайық, заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында ұңғымаларды бұрғылау, инфрақұрылым жүргізу және жабдықтар сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50% -дан 80% -ға дейін ұлғайтылды.

Алдағы үш жылда суармалы судың құнын субсидиялауды 50% -дан 85% -ға дейін ұлғайтуды көздейтін суармалы суға арналған сараланған тариф енгізілді.

Бұдан басқа, 2026-2028 жылдары алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда су үнемдеу технологияларын енгізуді субсидиялауға арналған қаражат төрт есеге ұлғайтылды.

"2030 жылға қарай суды үнемдейтін суару жүйелерін қолдану алаңын 1,3 млн гектарға жеткізу жоспарлануда. Бұл технологиялар суармалы суды 30% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Су ресурстары және ирригация министрлігі су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қолда бар ең үздік технологиялардың шекті тізбесін әзірледі, ол сондай-ақ алдыңғы қатарлы суару жүйелерін қамтиды", - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.