
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, автомобиль жолдарындағы өлім-жітім мен жарақаттану деңгейін төмендетуге бағытталған профилактикалық бейнеролик әзірледі.
Бейнеролик халық арасында профилактикалық жұмысты жандандыруға, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын және әрбір жол қозғалысына қатысушының жеке жауапкершілігін еске салуға бағытталған.
Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыз — өз өміріңіз бен өзгелердің өмірін қорғаңыз.