Кент тазалығы – ортақ міндет

Кент тазалығы – ортақ міндет

Кент аумағының тазалығы мен абаттандырылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Қоғамдық жұмысшылар көшелерді тазарту, өсіп кеткен шөптерді шабу, арамшөптерді отау, жиналған қалдықтарды сыртқа шығару және қоғамдық аумақтарды ретке келтіру жұмыстарын атқаруда.

Тазалық пен абаттандыру жұмыстары кенттің барлық аумағын қамти отырып, кезең-кезеңімен жалғасын табуда.

Кент тазалығы – баршаға ортақ міндет. Айналамыздың таза әрі көрікті болуы әр тұрғынның жауапкершілігіне байланысты.