Мереке қарсаңында көп балалы аналар марапатталды

Мереке қарсаңында көп балалы аналар марапатталды

Астана күні мерекесіне орай Теміржолшылар саябағында өткен «Ұлы дала төріндегі Астана» атты мерекелік кеш аясында кентіміздің көп балалы аналарына мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқалары салтанатты түрде табысталды.

Марапаттарды Ақадыр кенті әкімінің орынбасары Гаухар Тасырбаева табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес:

  • Ахметова Жауқазын – «Алтын алқа» төсбелгісімен;
  • Смагулова Шолпан – «Күміс алқа» төсбелгісімен;
  • Муханова Насипгуль – «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.

Мемлекеттік наградаға ие болған ардақты аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, бақ-береке мен толайым қуаныш тілейміз!