Ақадыр кентінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары туралы

Ақадыр кентінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары туралы

Ақадыр кенті әкімдігінің қызметкерлері кент тұрғындарына ескерту қағаздарын таратты.

Елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мақсатында, Қазақстан Республикасының «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы» Заңының 16-бабына сәйкес барлық тұрғындарға төмендегідей талаптар қойылады:

Әрбір тұрғын өз меншігіндегі жылжымайтын мүлік аумағына жауапкершілікпен қарап, үйі мен қора-жайының ауласынан тыс 10 метрге дейінгі аумақты таза ұстауы тиіс. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің қасбетін (сыртқы келбетін) ретке келтіру, қоршауларды сырлау және әктеу жұмыстарын уақытылы орындау сұралады.

Тазалық – ортақ жауапкершілік. Туған жеріміздің көркеюі әрқайсымызға байланысты!