Дарынды оқушыларымыздың халықаралық олимпиададағы жетістігі

Дарынды оқушыларымыздың халықаралық олимпиададағы жетістігі

«Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицей» КММ мен “AZ GROUP LLC” ЖШС арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандум оқу жылының басында жасалған болатын.

Осы меморандум аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы “FIBONACCI” халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңіне мектебімізден 37 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

2026 жылдың 11 сәуірінде Астана қаласында өткен марапаттау рәсімінде төмендегі оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды:

Құрмаш Санжар — I орын (жаратылыстану пәні)
Жетекшісі: Махмутова Санат Коккозовна

Игілік Ерасыл — III орын (физика пәні)
Жетекшісі: Жекебай Аманжол

Сонымен қатар, республикалық кезеңде 50%-дан жоғары нәтиже көрсеткен 8 оқушымыз Әлемдік финалға жолдама алды:

Құрмаш Санжар (4-сынып, жаратылыстану)
Игілік Ерасыл (10-сынып, физика)
Аманғали Жанторе (5-сынып, математика)
Арқалық Анар (7-сынып, математика)
Нұрламбек Ануар (6-сынып, математика)
Сейсенбай Дәулет (8-сынып, физика)
Амангелді Мухаммад (5-сынып, математика)
Тихонов Дмитрий (7-сынып, информатика)

2026 жылғы 19–23 сәуір аралығында Түркияның Анталия қаласында өтетін Әлемдік финалға 3 оқушымыз қатысады: Құрмаш Санжар, Арқалық Анар, Аманғали Жанторе.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз және оқушыларымызбен мақтанамыз!