Ақадыр кентінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Ақадыр кентінде Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті

Ұлыстың ұлы күніне орай аудан көлемінде ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар жоғары деңгейде өтті. Мереке аясында Теміржолшылар саябағында кенттегі кәсіпорындар мен мекемелердің қолдауымен 16 киіз үй тігілді.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар кеңінен ұйымдастырылды. Атап айтқанда, аударыспақ, садақ ату, қол күрес (балалар мен ересектер арасында), кір тасын көтеру, арқан тартыс, асық ату, теңге алу, сондай-ақ құнан және тай бәйгелері бойынша жарыстар өтті. Бұл сайыстарға кент тұрғындары мен сырттан келген қонақтар белсенді қатысты.

Мереке барысында Ақадыр кенті әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы онлайн дауыс беру негізінде екі байқау ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Ең дәмді Наурыз көже» және «Ең үздік ұлттық киімдегі жұп» байқаулары өткізілді. Аталған байқауларға кент тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады.

Мерекелік шара тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен татулықтың жарқын көрінісіне айналды.