
Ақадыр кенті әкімдігі өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, кент аумағында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында (дәмханаларда) профилактикалық рейд жүргізді.
Рейд барысында газ баллондарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына ерекше назар аударылды. Кәсіп иелеріне газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, сақтау және белгіленген техникалық талаптарға сәйкес орналастыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.
Аталған іс-шаралар тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, өрттің алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрбір кәсіпкердің тікелей міндеті әрі ортақ жауапкершілігіміз.