
Ақадыр кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен кент тұрғындарына және жақын орналасқан ауылдардың тұрғындарына арналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілуде.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға қолжетімді бағамен сапалы әрі пайдалы азық-түлік өнімдері ұсынылады. Атап айтқанда, түрлі көкөніс өнімдері, бал, балық және күнделікті тұрмысқа қажетті өзге де тауарлар сатылымға шығарылады.
Аталған жәрмеңке әр аптаның бейсенбі күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып, тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз етуге және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бағытталған.