
Шабал Бейсекқызы атындағы мәдени-сауық орталығының ұйымдастыруымен, Кенттік полиция бөлімі және Ақадыр жастары орталығының қолдауымен «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты акция өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, есірткі мен нашақорлықты қоғамнан алшақтату.
Іс-шараның ашылуында Шет ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ахметов Асхат Жанатұлы құттықтау сөз сөйлеп, акцияның маңыздылығына тоқталды.
Акция сайыс форматында ұйымдастырылып, шара барысында сала мамандары мазмұнды баяндамалар жасады. Атап айтқанда:
Ақадыр әкімшілігінің бас маманы Мединова Гүлзат Дүйсетаевна;
Ақадыр селолық аурухана бірлестігінің жалпы тәжірибелі дәрігері Серік Жұлдыз Серікқызы;
Шет ауданы Ақадыр полиция бөлімінің отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы, полиция капитаны Тезекбаева Асель Сатаевна;
Иса Молла мешітінің бас имамы Қалмағанбетов Нұржан Оңғарұлы;
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері Хафезова Венера Гибатқызы;
С. Сейфуллин атындағы модульдік кітапхананың меңгерушісі Байдарова Назгүл Раимбекқызы.