АҚАДЫР КЕНТІНДЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АҚАДЫР КЕНТІНДЕ ҚАР ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Ақадыр кентінде көше жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүйелі түрде әрі белсенді жүргізілуде. Арнайы техникалардың көмегімен көшелер мен тротуарлардан қар шығарылып, жол қозғалысының қауіпсіздігі мен тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруы қамтамасыз етілуде.

Қыс мезгіліндегі қалың қардан жолдарды уақтылы тазалау — коммуналдық қызметтердің күнделікті атқаратын маңызды міндеттерінің бірі. Бұл жұмыстар тұрғындар үшін жолдардың ашық әрі қауіпсіз болуына, сондай-ақ көлік қозғалысының қалыпты ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.

Аталған жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.