
2026 жылдың 8–14 қаңтар аралығында Теміртау қаласында өткен Тоғызқұмалақтан ересектер арасындағы Қарағанды облысының жекелей чемпионатында 13 жасар жерлесіміз Қожанәсіп Балғын Азаматқызы ерекше нәтижеге қол жеткізді.
Жас спортшы Тоғызқұмалақтың КЛАССИКА және РАПИД түрлері бойынша қарсыластарынан оза шауып, екі бірдей бағытта І орынға ие болды. Осылайша, Балғын Азаматқызы Қарағанды облысының жекелей чемпионатының ЕКІ ДҮРКІН ЧЕМПИОНЫ атанды.
Аталған жарыстың қорытындысы бойынша, жерлесіміз Қазақстан Республикасының чемпионатына Тоғызқұмалақтың классика және рапид түрлері бойынша қатысуға жолдама жеңіп алды.
Жас болса да, үлкен спортта биік белестерді бағындырып келе жатқан спортшымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда да сәттілік серік болып, алар асулары көп болсын!