Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі садақ атудан «Жамбы нысанасы» бойынша ересектер арасындағы Ақадыр кентінің ашық турнирі

Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі садақ атудан «Жамбы нысанасы» бойынша ересектер арасындағы Ақадыр кентінің ашық турнирі

 

Желтоқсан айының 13-і күні Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде Тәуелсіздік күніне орай Дәстүрлі садақ атудан Жамбы нысанасы бойынга ересектер арасында Ақадыр кентінің ашық турнирі өтті. Аталған жарысқа Астана қаласынан, Ақмола облысынан (Көкшетау қаласы), Павлодар облысынан (Павлодар қаласы, Екібастұз қ., Баянауыл ауданы, Ұлытау облысынан (Жезқазған қ. Жаңа-Арқа ауданы), Қарағанды облысынан (Қарағанды қ, Осакаров ауданы, Қарқаралы ауданы, Шет ауданы Ақадыр к. Ақжал к.) 60-қа жуық спортшы қатысты. Жарыс ерлер және әйелдер арасында өтті. Жарыстың салтанатты ашылуына Шет ауданы әкімінің орынбасары Кәрсембаев Дәурен Құралұлы, ҚР Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, ҚР дәстүрлі садақ атудан ұлтық құрама командасының бас бапкері Ахметов Диас Берікұлы, Ақадыр кентінің әкімі Қойшыбаев Мерей Жасұланұлы және Ұлытау облысының дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті және Ұлытау облысының құрама командасының бас бапкері Қалманбай Ғалымжан Құрметұлы қатысып, құттықтау сөздерін айтып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыстың бас жаттықтырушысы Жунусов Ақылзат Маратұлы жалғастырып, жарыстың тәртібі мен ережісін түсіндіріп өтті. Жарыстың алғашқы кезеңі аяқталысымен спортшыларға түскі ас беріліп, кейін финалдық кездесулермен жалғасты. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақадыр кенті әкімдігі мен жарыс демеушілері тағайындаған арнайы кубоктармен, медальдармен, мадақтамалармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Ерлер арасында: 1-ші орын Нұртаев Азамат (Ақмола облысы); 2-ші орын Қанат Қасымхан (Астана қаласы); 3-ші орын Жолдыбаев Мейрамбек (Ұлытау облысы) 3-ші орын Шахмұрат Нұрым (Қарағанды облысы, Ақжал кенті). Әйелдер арасында: 1 орын: Нашарбекова Ақмарал (Ақмола облысы); 2 орын: Сархытхан Жанар (Қарағанды облысы); 3 орын: Қойшыбайқызы Ботагөз (Қарағанды қаласы); 3 орын: Кәдірман Әйгерім (Қарағанды облысы, Ақжал кенті). Жарыс соңында Ұйымдастырушылар атынан жарысқа демеуші болған азаматтар мен мекемелерге оның ішінде Ақадыр кенті әкімдігіне, INTEGRA CONSTRUCTION KZ» ЖШС-не, KEGOK АҚ Орталық ЖЭТ филиалының кәсіподағына, Шет ауданының жастар ресусрстық орталығына алғыстар айтылып, әрбір өңірден келген өкіл мергендерге естелік сыйлықтар табысталды. Астана қаласынан келген ҚР Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, Ұлттық құраманың бас бапкері Ахметов Диас Берікұлы жарыс ұйымдастырушыларына федерация атынан естелік сыйлық табыстады.