ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Қарағанды қаласында облыс әкімдігі мен «Аманат» партиясының қолдауымен өткен «Тұлпар мініп, Ту алған» атты облыстық жыр байқауының ақтық кезеңінде кентіміздің оқушылары топ жарып, жеңімпаз атанды.

Облысымыздың 13 өңірінен 4 мыңнан астам балалар қатысқан «Бөгенбай батыр» дастанын жатқа оқуда кентіміздің Ә.Ермеков атындағы тіректі мектебінің оқушысы Әмірханова Раяна бас жүлдені жеңіп алып, 1 миллион теңге қаржы және «Қазтұтынудағы» Қарағанды университетінің білім грантына ие болды. Ал енді, оны байқауға дайындаған ұстазы Ермеңбетова Толғанай Болатқызы да 1 млн теңге сертификатын алып, «Халықаралық қазақ тілі қоғамы» тағайындаған жаңа автокөлікті мінді.

Олармен қоса елді мекеніміздегі Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Өмірғалиева Жанерке үшінші орынға қол жеткізіп, оның ұстазы Шопанова Жұлдыз Оразалыққызы екеуі әрқайсысы 250 мың теңгенің сертификаттарымен марапатталды.

Ғасырлар бойы Тәуелсіздігімізді жақындатқан бабаларымыздан жеткен мұраларымыз – жыр-дастандарды жатқа айтып, көпшіліктің көңілінен шыға білу бір жағынан ұстаздар мен ата-аналардың еселі еңбегі болса, екінші жағынан талай таланттарды түлеткен өлкеміздің айрықша қасиеті деп білу керек. Оқушыларымыз бен ұстаздарын құттықтаймыз!