Ақадыр кентінің әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Ақадыр кентінің әкімі тұрғындарды жеке қабылдады

Ақадыр кентінің әкімі Мерей Жасұланұлы Қойшыбаев тұрғындармен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтар жер телімдері, тұрғын үй мәселелері және басқа да өзекті сұрақтар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.

Әрбір тұрғынның өтініші жеке қаралып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Халықпен ашық және тиімді диалог орнату – кент әкімдігінің басты міндеттерінің бірі. Кентіміздің одан әрі дамуы үшін бірлесе жұмыс істеу мақсатында осындай кездесулер тұрақты түрде жүргізіліп отырады.