
2025 жылғы 27 қараша күні сағат 09:30-та кент әкімдігінің бас маманы Ә.Е. Бейсембекова, Шет ауданының ПБ Ақәдыр кенттік полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларының бастығы, полиция майоры М.Ж. Игенов, сондай-ақ Ақәдыр кенттік полиция бөлімшесінің ОТЗЗҚКТ инспекторы, полиция капитаны А.С. Тезекбаева Ю.А. Гагарин атындағы мектеп-лицейінің оқушылары мен педагогикалық құрамымен кездесу өткізді.
Іс-шара «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, жауапкершілігін күшейту, құқықтық тәрбие беру, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ мектеп пен ата-ананың жауапкершілігі мәселелерін түсіндіруге бағытталды.
Сонымен қатар, кездесу барысында «Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.