
Алматы қаласында өтіп жатқан мектеп оқушылары арасындағы ІІ Әлем чемпионатында
мектебіміздің мақтанышы Муздыбаева Нурай тоғызқұмалақтың блиц түрі бойынша
15 жас қыздар (U-15) арасында қола жүлдегер атанды!
Спортшымыздың осы жетістікке жетуіне елеулі үлес қосқан
жаттықтырушысы — ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ІІ дәрежелі жаттықтырушы Қожанәсіп Аңсағанға алғыс білдіреміз.
Жерлесіміз Нурайды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Жеңісің көбейе берсін, биік белестерді бағындыра бер!