
20 қараша күні, ағымдағы жылы, кент аумағында өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен кент әкімдігінің мамандары бірлескен профилактикалық іс-шара жүргізді.
Іс-шара барысында әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйлеріне 6 дана улы газ датчигі орнатылып, тұрмыстық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, тұрмыстық газды дұрыс пайдалану тәртібі және төтенше жағдай туындаған кезде әрекет ету алгоритмі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бұл жұмыс кенттегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға және тұрмыстық қауіптердің алдын алуға бағытталған жоспарлы іс-шаралар қатарында жүзеге асырылуда.