Шымкент қаласындағы “ALASH CUP” турнирінде оқушыларымыз бас жүлдеге ие болды

Шымкент қаласындағы “ALASH CUP” турнирінде оқушыларымыз бас жүлдеге ие болды

2025 жылдың 14–17 қараша күндері Шымкент қаласында өткен “ALASH CUP” футбол турнирінде кентіміздің 2014–2015 және 2013 жылы туған жасөспірімдер командалары жоғары нәтижелер көрсетіп, бас жүлдені иеленді.

Бұл жеңіс – жас спортшыларымыздың еңбегі мен жаттықтырушылардың кәсіби дайындықтарының нәтижесі.

Кент әкімдігі атынан турнир жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Жас футболшыларымызға алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейміз.