
2025 жылдың 18 қазан күні еліміз бойынша өткен "Таза Қазақстан" республикалық экоакциясы аясында Жаман-Сарысу өзені бойына 1200 түп қарағаш егілді!
Астанадан арнайы келген ұйымдастырушылар таңғы 05:30-да жолға шығып, Қарағанды арқылы 11:30-да Ақадырға жетіп, тал отырғызу жұмыстарын бастады. Бұл — кентімізді көгалдандыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен үлес қосқан игі іс болды
Тал егуге арналған жерді алдын ала дайындауда техникамен көмек көрсеткен Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы (ШЧ-21) мекемесінің басшысы Қ.Мертайға үлкен алғыс!
Акцияға теміржол саласының қызметкерлері, білім беру мекемелері, жастар мен ақсақалдар белсенді түрде қатысты Шара барысында кент әкімдігі екі киіз үй тігіп, барлық қатысушыларға дәм ұсынып, шынайы қазақы қонақжайлылық танытты
Астана және Қарағандыдан келген еріктілерді бастап келген "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" филиалының төрағасы Омаров Талғат Табысбайұлына кент тұрғындары атынан Алғыс хат табысталды
Бұл шара - табиғатқа қамқорлық пен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі