Қазақстан халқының бірлігі күні мемлекеттік мерекесі қарсаңында 24 сәуірде қала әкімі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Биыл бұл кездесу ерекше жағдайда – бейбітшілік, келісім мен ұлттық бірліктің символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Іс-шара ашық диалог пен өзара құрмет рухында өтті. Қатысушылар ұлтаралық келісімді сақтау, халықтар арасындағы достықты нығайту, бейбітшілік, тұрақтылық және төзімділік құндылықтарын ілгерілету мәселелерін талқылады. Әсіресе, қоғамдық келісім мен бірліктің бірегей институты ретінде Ассамблеяның рөліне ерекше назар аударылды.
Іс шара барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне қаланың қоғамдық өміріне белсене қатысқандары, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысымды білдірдім. Кездесу соңында марапаттау рәсімі өткізіліп, қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі