Қала әкімі ағымдағы жылы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген бірқатар білім беру ұйымдарына барды. "Қазақстан Халқына" ҚҚ шеңберінде сатып алынған жаңа модификация кабинеттерін қарап, сондай-ақ басталған жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Көшпелі кеңестің қорытындысы бойынша жөндеу жұмыстарының сапасына қатысты барлық мәселелерді пысықтауды тапсырды, сондай-ақ кірме жолдарды жақсарту және білім беру объектілеріне іргелес аумақтарды абаттандыру жөнінде тапсырмалар берді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі