19 сәуір-жалпы облыстық сенбілік!

19 сәуір-жалпы облыстық сенбілік!

Құрметті қала және оған іргелес кенттердің тұрғындары!

Өз қаламызды, кентімізді таза, әдемі және жайлы ету үшін, біз тек абаттандыру жұмыстарын жүргізуге міндеттелгендерге ғана емес, сонымен қатар тұрып жатқан жеріне немқұрайлы қарамайтын барлық тұрғындарға үндеу жолдаймыз.

Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен қызметкерлерін аумақты абаттандыру, санитарлық жағдайын жақсарту бойынша жарияланған екі айлыққа белсене қатысуға шақырамыз.

Жеке кәсіпкерлерге - ғимараттардың қасбеттерін тиісті көрініске келтіруін, өз объектілерінің жанында бекітілген аумақтарды ретке келтіруін және оны үнемі күтіп ұстауын сұраймын.

Жеке сектор үйлерінің тұрғындарына қатысты. Құрғақ және желді ауа-райының басталуымен өрт қаупі бірнеше есе артады. Көмек әрқашан уақытында келе бермейді. Ғимараттар мен қоршауларыңызды қоқыстар мен құрғақ ағаштардан тазалап, өзіңізді және көршілеріңізді қауіп-қатерден сақтаңыз. Аулаларыңызда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаңыздар.

Ешкім шетте қалмауы керек! Өйткені, абаттандыру жұмыстары, егер оны халық қолдаса, егер барлық тұрғындар, барлық кәсіпорындар мен мекемелер өз аулаларында және бекітілген аумақтарда сенбіліктер ұйымдастырса ғана айтарлықтай нәтиже береді.

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі